Түркістан облысының білім басқармасының "Отырар ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі
Ресми интернет-ресурс

ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҰЖЫММЕН МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТТЫҚ-ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСЫ ӨТКІЗІЛДІ

Қ. Сәтбаев атындағы жалпы білім беретін мектепте ағымдағы жылдың 23 қаңтар күні педагогикалық ұжыммен маңызды ақпараттық-түсіндірме жұмысы өткізілді.

Іс-шараны Отырар ауданы әкімінің орынбасары Құлмаханов Айдос, бөлім басшысы Шербаев Құдайберген, сондай-ақ бөлімінің бас маманы Төлендиева Қарагөз қатысты. Кездесудің негізгі мақсаты – құқықбұзушылықтың, суицид, ерте жүктіліктің алдын алу бағытындағы профилактикалық жұмыстарды күшейту, аталған мәселелер бойынша педагогтердің жауапкершілігін арттыру болды. Іс-шарада білім беру ұйымдарында құқықбұзушылықтың алдын алу жолдары, оқушылар арасындағы тәуекел факторлары, суицидтік мінез-құлықтың алдын алу белгілері және ерте жүктіліктің алдын алу бойынша жүргізілетін түсіндірме және тәрбиелік жұмыстардың маңыздылығы кеңінен айтылды. Сонымен қатар, жасөспірімдермен жүргізілетін профилактикалық іс-шаралар, ата-аналармен бірлескен жұмыс түрлері және мектеп психологы мен сынып жетекшілерінің атқаратын рөліне ерекше назар аударылды.

Педагогтер тарапынан қойылған сұрақтарға жан-жақты жауаптар беріліп, алдағы уақытта аталған бағыттар бойынша жүйелі жұмыстар жүргізу жөнінде нақты ұсыныстар айтылды.

Аталған іс-шара мектепте қауіпсіз және қолайлы білім беру ортасын қалыптастыруға, оқушылардың психологиялық және әлеуметтік саулығын сақтауға, сондай-ақ құқықбұзушылық, суицид және ерте жүктіліктің алдын алуға бағытталды.