Түркістан облысының білім басқармасының "Отырар ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі
Ресми интернет-ресурс

ОТЫРАР АУДАНЫНДА БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Түркістан облысы Білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ғалымжан Қалдыкөзұлының қала, аудандарды аралау іссапары Отырар ауданында жалғасын тапты.

Сапар аясында аудан аумағындағы балабақша, мектеп және колледж директорларының қатысуымен кеңейтілген, ашық форматтағы мәжіліс ұйымдастырылды. Кездесу барысында білім беру ұйымдарының басшылары өзара тәжірибе алмасып, саланың өзекті мәселелерін ашық талқылауға мүмкіндік алды.

Күн тәртібінде Отырар ауданы бойынша білім саласында 2025 жылы атқарылған жұмыстардың қорытындысы шығарылып, 2026 жылға қойылатын басым міндеттер айқындалды. Атап айтқанда, білім сапасын арттыру бағытында қолға алынған жүйелі жұмыстар, оқыту процесінің тиімділігін күшейту, басқару мәдениетін жетілдіру және нәтижеге бағытталған жоспарлар кеңінен талқыланды.

Сонымен қатар, білім беру ұйымдарында кездесетін жекелеген мәселелер де назардан тыс қалмады. Оқу сапасын тұрақты арттыру, кадрлық әлеуетті күшейту, білім алушылардың қажеттіліктеріне бейімделген орта қалыптастыру бағытында атқарылар жұмыстардың маңыздылығы атап өтілді. Бұл мәселелер кезең-кезеңімен шешімін табуы тиіс міндеттер ретінде белгіленді.

Кеңесте ерекше білім беруді қажет ететін балаларға сапалы білім беру бойынша атқарылған жұмыстар, «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында жүзеге асырылған іс-шаралар, сондай-ақ бітіруші түлектерді колледждерге қабылдау және жұмысшы мамандықтарына бағыттау мәселелері бойынша баяндамалар тыңдалды.

Кездесу соңында Ғалымжан Орынов білім беру ұйымдары басшыларына білім сапасын арттыруға бағытталған жұмысты күшейту, қол жеткізілген оң нәтижелерді жүйелеу және алдағы жоспарларды нақты индикаторлармен іске асыру жөнінде бірқатар тапсырмалар берді.