Түркістан облысының білім басқармасының "Отырар ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі
Ресми интернет-ресурс

ӘДІСТЕМЕЛІК КҮН: " МЕКТЕПТЕН-МЕКТЕПКЕ" ЖОБАСЫ

Аудандық білім бөлімі, әдістемелік кабинеттің жұмыс жоспарына сәйкес, 2026 жылдың 5 ақпан күні “Көкмардан” жалпы білім беретін мектеп базасында директордың тәрбие, бейіндік ісі жөнінде орынбасарлары, қазақ тілі , орыс тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі, тарих және география, химия-биология, математика, информатика, музыка, көркем еңбек секциясы "Мектептен-мектепке» жобасы аясында “Темір” жалпы білім беретін мектебінің тәжірибелі ұстаздарымен әдістемелік күн өткізілді. Жобаның мақсаты пән мұғалімдеріне әдістемелік қолдау көрсету, әдістемелік көмек, кәсіби шеберлігін арттыру, озық педогогикалық тәжірибелерді тарату және білім сапасын жақсарту. Жаңа әдіс-тәсілдерін пайдалана отырып, білім сапасын арттырудың тиімді жолдарын игеру, әр пән бойынша білім сапасын арттыруда әдістемелік қолдау көрсету шеңберінде өткізілген іс-шараға білім беру ұйымының педагогтері, жалпы - 18 ұстаз әртүрлі секциялар бойынша жұмысты үйлестірді.

📈 Әдістемелік күннің күтілетін нәтижелері:

🖇️Білім сапасын арттыруда жаңаша әдіс-тәсілдерді пайдалану аркылы жұмыс жүргізуді уйренеді, тәжірибелері артады;

🖇️Білім сапасын арттыруға жасанды интеллектті тиімді пайдалану;

🖇️Жалпы білім беру мекемелеріндегі педагогтердін цифрлық және коммуникативтік құзырлығы артады;

🖇️ Әдістемелік күннің қорытынды бөлімінде өткізілген жұмыстары бойынша талдау жұмыстары жүргізілді. Әдістемелік күн барысында өткізілген барлық жұмыстарға,ашық сабақтар, шеберлік сыныптары; оқыту мен тәрбиелеудің тиімді әдіс-тәсілдері талқыланды. Мұғалімдер өз тәжірибелерімен бөлісіп, жаңа идеялар мен жаңашыл көзқарастаоды ортаға салды. Ұстаздарымыз сабақтарын жоғарғы деңгейде өткізіп, жасанды интеллектпен жасалған жұмыстарын көрсете білді. Аталған жоба педагогтердің өзара ынтымақтастығын нығайтып, кәсіби дамуына оң әсерін тигізді.