Түркістан облысының білім басқармасының "Отырар ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі
Ресми интернет-ресурс

"БАЛА МЕН ҚОҒАМ:АТА-АНА СЕРІКТЕСТІГІНІҢ ЗАМАНАУИ КЕЛБЕТІ" ТАҚЫРЫБЫНДА ДЕБАТТЫҚ ПІКІР САЙЫС ӨТКІЗІЛДІ

"Бала мен қоғам: ата-ана серіктестігінің заманауи келбеті" Түркістан облысы Отырар аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен мектеп директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары арасында 2025 жыл 28 қазан күні жаңа форматта "Бала мен қоғам:ата-ана серіктестігінің заманауи келбеті" тақырыбында дебаттық пікір сайыс өткізілді. Тәрбие орынбасарларының көшбасшылық қабілетін, зияткерлік әлеуетін дамыту, өзекті қоғамдық саяси тақырыптарды талқылауға тарту арқылы олардың азаматтық көзқарасын дамыту және конструктивті диалог пен пікірталасты жүргізу мәдениетін қалыптастыруды мақсат еткен турнир нәтижесінде үздік спикерлер Ө.Жәнібеков атындағы №4 лицей - интернаты тәрбие орынбасары А.Жақашева, П.Айтменов атындағы негізгі орта мектебінен С.Арапбай, А.Дәрібаев атындағы жалпы білім беретін мектептен А.Құттыбаев облыстық кезеңге жолдама беріліп, марапаттаулар болды.