Түркістан облысының білім басқармасының "Отырар ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі
Ресми интернет-ресурс

АУЫЛ ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ - АСТАНА ТӨРІНДЕ МАРАПАТТАЛДЫ

Еліміздің жүрегі-Астана қаласында ауыл мектептері оқушыларына арналған республикалық олимпиадасының қоғамдық-гуманитарлық бағыты өткізілді. Аталған олимпиадаға 5 оқушы қатысып, 4 шәкіртіміз жеңіс тұғырынан көрінді.

🥇Ағылшын тілі пәнінен М.Әуезов атындағы жалпы білім беретін мектептің 11-сынып оқушысы Қалдыбай Ұлту жүлделі 1-орын, жетекшісі Таскентбаева Замира.

🥉Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен С.Әшіров атындағы жалпы білім беретін мектептің 11-сынып оқушысы Қалдыбай Таңшолпан жүлделі 3-орын, жетекшісі Қуанбаева Қаракөз.

🥉Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен Ш.Қалдаяқов атындағы мектеп-гимназияның 10-сынып оқушысы Тұрсынхан Анель жүлделі 3-орын, жетекшісі Жұмашова Айзада.

🎖️Қазақстан тарихы пәнінен Ө. Жәнібеков атындағы лицей-интернаттың 11-сынып оқушысы Тұран Фариза алғыс хат, жетекшісі Қасымбекова Айымкүл.

Түркістан облысының мерейін тасытып, білім бәсекелесінде жарқын жеңістерімен көзге түскен шәкірттерімізді шын жүректен құттықтаймыз. Оқушылардың табысты өнер көрсетуіне үлес қосқан ұстаздарға алғыс білдіреміз!

Жаңа жетістіктер мен биік белестерге жете берулеріне тілектеспіз!!!