Түркістан облысының білім басқармасының "Отырар ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі
Ресми интернет-ресурс

АУДАН МАҚТАНЫШТАРЫ АСТАНАҒА АТТАНДЫ

Бүгін ауыл мектептерінің 9-11 сынып оқушылары үшін жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадаға жолдама алған оқушылар Астана қаласына аттанды. Биыл да өз білімін дәлелдеп, жоғары нәтиже көрсеткен оқушыларымыз ауданымыздың мәртебесін асқақтатты. Олар — табандылықтың, еңбектің және үздіксіз ізденістің үлгісі.

Ауылдық жерлердегі мектептердегі талантты жастарды анықтау және қолдау бойынша қолайлы жағдай жасау мақсатындағы зияткерлік олимпиадаға ауданымыздан 5 оқушы бағын сынайды. Оқушыларымыз бен жетекшілеріне сәтті сапар тілеп, жүлдегер атанып, ауданымыздың абыройын асқақтата беріңдер деп-, бөлім басшысы К.Шербаев ізгі тілегін білдірді!