Бүгін әннен ескерткіш орнатқан, қазақ вальсінің королі, сазгер Ш.Қалдаяқов атындағы мектеп-гимназиясында “Жас мамандардың көшбасшылық қабілеттерін дамыту арқылы білім сапасын арттыру” тақырыбында жас мамандар форумы өткізілді. Форумның мақсаты- педагог мәртебесін арттыру, жастардың кәсіби деңгейін көтеру, бағалау жүйесін тиімді қолдану мен цифрлық ресурстарды пайдалану және педагогтердің зерттеу дағдыларын дамыту. Аталған мектептің тәжірибелі ұстаздары Г.Төлгенова, Г.Садикова, Ж.Дүйсебаева мен Б. Сұлтанхановалар үлгілі ашық сабақ көрсетсе, Ө.Жәнібековтің жас педагогтері А.Әбдірахман мен Б.Тоқтасынның “Қазіргі сабақта оқушы белсенділігін арттыру және жасанды интеллектті қолдану” тренингісі, “Темір” мектебің мұғалімі А.Арыстанның “Біртұтас тұлға: Құндылыққа негізделген өмір” коучингісі, «Science &AI симбиозы» ғылыми жобаларды әзірлеуде ЖИ рөлі және оқушының функционалдық сауаттылығын арттыру» тақырыбындағы Қ.Мұңайтпасов атындағы мектептің мұғалімі С.Қырғызбаева ғылыми жоба қорғау авторлық жұмыстары туралы шебер сынып өткізді. Жас мамандар мен тәжірибелі ұстаздардың қауышуы - ұрпақтар сабақтастығының жарқын көрінісі. Форум барысында жас педаготердің кәсіби шеберлігін шыңдауға, заманауи әдіс-тәсілдерді меңгеруге, көшбасшылық қабілеттерін дамытуға бағытталған іс-тәжірибелерімен танысу-білім сапасын арттыруға үлкен үлес қосты. Іс-шараның соңында жас мамандар Отырар ауданының 90 жылдығы, Ш.Қалдаяқовтың 95 жылдығы, Ә.Қалыбекованың 75 жылдығы аясында сазгер, ақындардың шығармаларын шебер орындап, ұлттық құндылықтарды жоғары деңгейде дәріптеді. Жас мамандар мұғалім мамандығының жан-жақты қырларын, ән айтса тыңдататын, би билесе еліктіретін, күй тартса тербететін, оқушы жүрегіне жол таба алатын тұлға екенін көрсете білді. Форум қорытындысында қатысушылар іс-шараға оң баға беріп, әріптестерге алғыс, құрметтерін жеткізді. Қатысушылар өз ұсыныстарында осындай игі бастамалар жиі ұйымдастырылып тұрса, жас маман – білім мен жаңашылдықтың, болашақтың жаршысы боларына сенім білдірді!!!





