Аудандық білім бөлімінің жылдық жұмыс жоспарына сәйкес №1 жалпы білім беретін мектеп базасында жалпы білім беру ұйымдарының педагог-психологтарына арналған «Мектептегі қауіпсіз орта: зорлық-зомбылықтың алдын алу және дағдарыс жағдайында әлеуметтік-психологиялық қолдау және әдістемелік көмек беру» тақырыбында әдістемелік семинар өтті. Семинардың мақсаты: келеңсіз жағдайлар орын алғанда мәселенің мән-жайын анықтау, кеңес беру,шұғыл психологиялық көмек көрсетудің тиімді тәсілдерін қарастыру болып табылады. Аталған семинарға облыстық психологиялық қолдау орталығының психологиялық жұмыс бөлімінің мамандары арнайы қатысып, өз тәжірибелеремен бөлісті





