Государственное учреждение "Отдел образования Отрарского района" управления образования Туркестанской области
Официальный интернет-ресурс

ОҚЫРМАНДЫҚ БЕЛСЕНДІЛІКТІ АРТТЫРУДАҒЫ МҰҒАЛІМНІҢ РӨЛІ

Отырар ауданы білім бөлімінің жоспарына сәйкес, «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының «Балалар кітапханасы» жобасын жүзеге асыру және тәжірибеге енгізу мақсатында «Оқитын сынып» жобасы бойынша білім алушылардың оқу құзыреттілігін, оқу белсенділігін арттыруды, көркем әдебиетті пәндік біліммен ұштастыра отырып, білім алушылардың оқырмандық мәдениетті қалыптастыруда мұғалімнің жетекші ролін айқындау мақсатында Ш.Қалдаяқов жалпы білім беретін мектеп базасында 2025 жылы 24 желтоқсан күні «Оқырмандық белсенділікті арттырудағы мұғалімнің рөлі» тақырыбында аудандық тәжірибелік семинар өткізілді. Семинарға жаратылыстану пән мұғалімдері мен кітапхана мамандары қатысты.

Тәжірибелік семинарда Ш.Қалдаяқов мектебінің жаратылыстану бағытындағы пән мұғалімдері: химия пәні Укибаева Гулжазира, биология пәні Ибраева Сандуғаш, қазақстан тарихы пәні Абсаттарова Жанар, география пәні Көшерова Жұлдыз өз пәндерін көркем әдебиетті пәндік біліммен ұштастыра отырып, білім алушылардың оқырмандық мәдениетті қалыптастыруда әдіс-тәсілдерді, әдеби шығармамен жұмыс жасауда жаңа формаларды пайдаланып, оқушылардың көркем әдебиетке деген құштарлығын арттырды.

«Оқитын жобасы» аясында Қ.Мұңайтпасов, С.Құртаев мектептерінің кітапхана мамандары А.Есенбекова, Г.Байгелова, Г.Файзуллаевалар кітап оқу мәдениетін қалыпастыруда шебер сынып өткізіп, оқушыларды ойлау, талдау, пікір айту дағдыларын дамыту бойынша жұмыстар жүргізді.