Государственное учреждение "Отдел образования Отрарского района" управления образования Туркестанской области
Официальный интернет-ресурс

МҰХТАР ӘУЕЗОВ КУБОГІ ӨТКІЗІЛДІ

Отырар ауданы білім бөліміне қарасты М.Әуезов атындағы жалпы білім беретін мектеп коммуналдық мемлекеттік мекемесінде математика және информатика пән бірлестігінің айлық жұмыс жоспары аясында ,балалардың білімге деген құштарлығын арттыруға және білім саласының дамуына өзінің үлесін қосып жүрген , мектебіміздің түлектері қазақ күресінің жаттықтырушысы Жарасов Азамат бен математика пәнінің мұғалімі Шамырхан Асылзаттың демеушілігімен 10 сынып оқушыларына арналған математика пәнінен “М.Әуезов кубогі” өткізілді.

Мақсаты : Оқушылардың білім деңгейін анықтау, логикалық ойлау қаблеті мен есеп шығару дағдыларын дамыту және талантты оқушыларды қолдау, пәнге деген қызығушылығын арттыру.Сонымен қатар, оқушылардың білімге деген құштарлығын ояту арқылы жауапкершілікке тәрбиелеу. Аудандық олимпиаданы Отырар ауданы білім бөлімінің математика пәнінің әдіскері Кенебаев Әділ Рысбайұлы мен мектеп директоры Сыздықәлі Айнұр Әбдіғапбарқызы ашып беріп, олимпиаданың мақсаты мен міндеттерін және ережесімен таныстырды.

Олимпиада екі кезеңнен өткізілді:

І. 40 тапсырмадан құралған тест.

ІІ. Математикалық анализ негіздерінен немесе алгебрадан тұратын үш тапсырма.

Олимпиадаға 90 астрономиялық минут ұсынылды.

Сайыс нәтижесінде жеңімпаз оқушылар І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен және алғыс хат,қаржылай сыйлықтармен марапатталды.

І дәрежелі дипломмен (50000 тг) Қ. Сәтбаев мектебінің оқушысы Қанатқызы Гүлназ.

ІІ дәрежелі дипломмен (25000 тг) М. Әуезов мектебінің оқушысы Юсупова Бану және Ш. Уәлиханов мектебінің оқушысы Көшербаев Нұрислам.

ІІІ дәрежелі дипломмен (15000 тг)

М. Әуезов мектебінің оқушысы Арал Жасұлан,

Т. Ибрагимов мектебінің оқушысы Берік Едіге,

С. Әшіров мектебінің оқушысы Тұрар Саян марапатталды.

Алғыс хат (10000 тг)

Ә. Дәрібаев мектебінің оқушысы Ержанқызы Аяулым,

1.жббм мектебінің оқушысы Әлімхан Әлинұр

С. Мұқанов мектебінің оқушысы Олжа Назым

Темір мектебінің оқушысы Мәдіхан Асылан.

Барлық қатысушыларға олимпиадаға қатысуы туралы сертификаттар және бес мың теңгеден берілді.