Государственное учреждение "Отдел образования Отрарского района" управления образования Туркестанской области
Официальный интернет-ресурс

БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ КЕҢЕСІ ӨТКІЗІЛДІ

Ш.Қалдаяқов атындағы мектеп-гимназия базасында аудандық білім бөлімінің Кеңесі өткізілді. Кеңеске білім беру ұйымдарының басшылары, бастауыш мектеп меңгерушілері және мектепке дейінгі білім беру ұйымдары мен қосымша білім беру мекемелерінің басшылары қатысты. Кеңестегі қаралған мәселелер:

1.Білім беру мекемелеріндегі 2025-2026 оқу жылының ІІ тоқсанның қорытындысы бойынша білім сапасының көрсеткіштері, мектеп оқушылары арасында олимпиада қорытындысы:

2. Білім беру ұйымдарындағы 2025 жылы «Е-Өтініш» жүйесіне келіп түскен арыз-шағымдардың орындалуы:

3. Білім беру мекемелеріндегі оқушылардың ұялы телефон барысында жүргізілген мониторингтің қорытындысы:

4. Білім беру ұйымдарындағы педагог қызметкерлерінің аттестациядан өткізілу барысы:

5. Мектептердің тарифтік тізімі, штаттық кестесінің беуіту туралы:

6. Мектептердегі жылу беру маусымының жүргізілу барысы.

Кеңес барысында күн тәртібіндегі мәселелер талқыланып, негізгі бағыттар бойынша ұсыныстар айтылып, нақты тапсырмалар берілді.