Государственное учреждение "Отдел образования Отрарского района" управления образования Туркестанской области
Официальный интернет-ресурс

АУДАНДЫҚ СЕМИНАР ӨТКІЗІЛДІ

Көкмардан жалпы білім беретін мектебінде аудандық білім бөлімінің жоспарына сәйкес, білім бөлімінің бас маманы К.Тулендиеваның басшылығымен «Цифрлық дәуіріндегі адалдық: жасанды интеллект және жас ұрпақ тәрбиесі» тақырыбында ағылшын тілі пәні мұғалімдеріне арналған аудандық семинар өтті.Бүгінгі цифрлық қоғамда жасанды интеллект білім беру үдерісінің ажырамас бөлігіне айналып отыр. Осы орайда семинардың негізгі мақсаты – заманауи технологияларды тиімді пайдалана отырып, оқушылардың бойына адалдық, жауапкершілік, сыни ойлау сияқты құндылықтарды сіңіру жолдарын талқылау болды.Іс-шара барысында мұғалімдер цифрлық мүмкіндіктер мен адамгершілік тәрбиенің өзара байланысын саралап, тәжірибе алмасып, жас ұрпақты саналы, білімді әрі адал азамат етіп тәрбиелеудің маңыздылығына ерекше назар аударды.Мазмұнды семинар ұстаздардың кәсіби дамуына серпін беріп, білім берудегі жаңа бағыттарды айқындауға мүмкіндік жасады. Осындай тағылымды басқосулар болашақ ұрпақтың сапалы тәрбиесіне берік негіз қалайды.